Синоптиктер алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамын жария етті. Астана мен Алматыға көктем келгенде ұқсайды. Астанада алдағы үш күнде күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. 18 наурызда түнде -7…-9 градус, күндіз +3…+5 градус болады. 19 наурызда да ауа райы өзгермейді, түнде -5…-7, күндіз +3…+5 градус шамасында. 20 наурызда түнгі температура -2…-4 градусқа дейін жұмсарып, күндіз +5…+7 градусқа дейін жылынады. Кей жерлерде тұман түсіп, жолда көктайғақ болуы мүмкін.
Ал Алматыда көктем айқын сезіледі. 18 наурызда түнде +1…+3, күндіз +11…+13 градус. 19 наурызда күндізгі ауа температурасы +13…+15 градусқа дейін көтеріледі. 20 наурызда +14…+16 градусқа жетіп, жылы ауа райы сақталады. Таңертең тұман болуы ықтимал.
Жалпы, синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылына түседі.