homepage
Фото: ашық дереккөзден

Сабыровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жаппақ

17.03.2026, 16:44

Нұрлан Сабыровтың әйелі Диана Сабырова Ресейдегі бизнесін жаппақ. Ол бұған дейін «ДС Ритейл» компаниясын ашып, сусын мен темекі сатып келген болатын, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Mash арнасының мәліметінше, соңғы жылы компанияның көрсеткіштері біршама өсіп, активтері шамамен 1 миллион рубльге жеткен. Соған қарамастан, наурыз айының басында компанияны жабу туралы өтініш берілген. Бірақ, шешімнің нақты себебі айтылмаған. Көпшілік мұны әрине Нұрлан Сабыровқа қатысты болған соңғы оқиғалармен байланыстырады. Ресей билігі Нұрлан Сабыровқа Федерация аумағына кіруге 50 жылға тыйым салған болатын. Комик Мәскеу әуежайында ұсталып, кейін Қазақстанға қайтқан.

Қазақстанға қайтқан соң, оның «Вагнер» әскери жасағына 10 мотоциклді сыйға тартқаны туралы ақпарат шығып, видеосы да тараған. Осыдан кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы оған қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеген. Алайда, Сабыров шетелде өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Сондай ақ, бірнеше күн бұрын оның  Астанада өткен жабық тойлардың бірінде жүргені анықталды. Rixos қонақүйінде өткен шарада ол басқа да ықпалды қонақтармен бірге тойда болған. 

Ал оның өзіне тиесілі «Сабр продакшн» компаниясы Ресейде әлі жұмыс істеп тұр. Соңғы дерекке сәйкес, компанияның шамамен 18,5 мың рубль көлемінде салық қарызы бар.