homepage
Фото: ашық дереккөзден

Израиль Иранның ықпалды саясаткерін өлтіргенін хабарлады

17.03.2026, 15:36

Израильдің әуе шабуылы салдарынан Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қаза тапты. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

BBC дерегінше, Израиль әскері оны ұзақ уақыт бойы аңдып, оның қайда жүргенін бақылап келген. 16 наурызға қараған түні Тель-Авив әскері Лариджани болған кешенге соққы жасаған.

Алайда Иран билігі бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. 

Әли Лариджани Ирандағы ықпалды саясаткерлердің бірі саналады. Ол аятоллаға жақын тұлғалардың бірі болған және Хаменеи қайтыс болғаннан кейін елді уақытша басқаратын кеңес құрамына енген. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғаннан кейін Лариджани Вашингтонға қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеген еді.

«Қарулы күштеріміздің қарымта әрекеті одан да қатаң болады», – деген болатын.