Қазақстанда алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
“Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек”, - деді Президент.