Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 7-сынып оқушысының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты тергеу басталып, мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай оқу орнынан тыс жерде болған. Кей деректерде оқушының үлгеріміне байланысты қиындықтар болуы мүмкін екені айтылады, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Мектеп әкімшілігі оқиғаның білім беру мекемесінің аумағынан тыс жерде болғанын айттыі.
«7-сынып оқушысының өліміне байланысты қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», – деп хабарлады мектеп әкімшілігі.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.
"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары істі Қылмыстық кодекстің 105-бабы – "Өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша тергеп жатыр.