homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Иран: "Ормузды ашамыз, бірақ шартымыз бар"

17.03.2026, 10:09

Иран Ормуз бұғазын ашуға дайын, бірақ бұл үшін бірқатар шарт қойып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. ирандық Tasnim агенттігіне сілттеме жасап. 

Әуелгі әрі басты шарт – ол Иранды санкциядан толық босату. Бұдан бөлек, бұғатталған активтерді қайтару, америкалық әскери базаларды шығару және сауданы тек доллармен жүргізу талабынан бас тарту. Бұғаз толық жабылған жоқ, бірақ іс жүзінде қозғалыс шектелген. Қазір тек Иранға қарсы операцияларға қатыспаған елдердің кемелері ғана өтіп жатыр. 

Бұған дейін ирандық тарап мұнай тасымалы юаньмен жүргізілсе ғана танкерлерге рұқсат беру нұсқасын қарастырғанын айтқан. Бұл талаптар жағдайдың тек қауіпсіздік емес, экономикалық және саяси сипат алып отырғанын көрсетеді.

Ормуз бұғазы әлемдік энергетика үшін стратегиялық маңызға ие. Осы бағыт арқылы мұнайдың шамамен 20 пайызы және сұйытылған газдың елеулі бөлігі тасымалданады. Сондықтан мұндағы кез келген шектеу бірден нарыққа әсер етеді: баға өсіп, аймақтағы компаниялар тасымалды тоқтатуға мәжбүр болды.

Қалыптасқан жағдай Иранның бұғазды қысым құралы ретінде пайдаланып отырғанын аңғартады. Егер қойылған талаптар орындалмаса, тасымал одан әрі қиындап, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық күшеюі мүмкін.