homepage
фото: ansarga.komek

Аңсардың аңсаған арманы

16.03.2026, 16:36

Аңсар Қайсарұлы алдағы шілде айында жетіге толады. Бірақ, өздігінен жүрмейді, арбаға таңулы. Ата-анасы оның сал ауруына шалдыққанын 5 айлығында білген. Оған дейін дәрігерлер баланың денсаулығында ешқандай кінәрат жоғын айтып келген.

«Менің ұлыма дәрігерлер «ДЦП спастика гиперкинетикалық формасы» диагнозын бес айында қойды. Жүктілік өте жақсы өткеніне қарамастан, баланы босанар сәтте бәрі өзгеріп кетті. Отыз тоғызыншы аптаға келгенде үш күн қатарынан толғаттым. Дәрігерлер алдымен кесарь тілігін жасаймыз деді де, кейіннен табиғи жолмен босануымды жөн санады. Дәл босанатын сәтте баламның басы екі рет қысылып қалыпты. Содан оттегі жетіспеушілігі болған. Балам басқа нәрестелер сияқты «шыр» етіп жылаған жоқ. Жүрегі соғып тұрғанымен, өздігінен демала ала алмады», - дейді Аңсардың анасы Жадыра Ғалымбек.

Аңсар Атырауда дүниеге келді, ал диагнозды Астаналық дәрігерлер қойды. Содан бері үздіксіз ем – емдік-физикалық жаттығулар  және дәрі-дәрмек қабылдайды. Ол үшін ай сайын қомақты қаржы қажет. Жадыра Қасиетті Рамазан айында қазақстандықтардан көмек сұрайды. Сіз жіберген 100-200 теңгенің өзі Аңсарды аңсаған арманына жақындата түседі. Ол – екі аяғынан тік тұру. 

Реквизиттер:

Карта: 4400430330712347
Kaspi Gold: 87004880794 

Ғалымбек Жадыра Ғалымбекқызы – Аңсардың анасы