Қазақстанның әскерінен тағы бір суыт та суық хабар жетті. Жамбыл облысында әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы қаза тапқан. Оны абайсызда қатардағы жауынгер атып түсірген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зардап шеккен әскери қызметкер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар кешені аяқталғаннан кейін анықталады», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға «Қарабатан» полигонында жауынгерлік дайындық кезінде болған. Сарбаз өз қаруымен абайсызда оқ атып, ол оқ басына тиіп, қаза тапқан болатын. Аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.