homepage
Фото: Ақорда

Мирзиёев Тоқаевты референдум нәтижесімен құттықтады

16.03.2026, 12:02

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Тоқаевты Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша өткен референдумның табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы өз кезегінде референдумға халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.

Тараптар әңгіме барысында стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.