homepage
Фото: jjtv.kz

Референдум: қанша қазақстандық қолдамады?

16.03.2026, 11:40

Орталық референдум комиссиясы референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Комиссия дерегінше, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам болған. Дауыс беруге 9 млн 127 мың 192 адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың 73,12 пайызы.

Алдын ала нәтижеге сәйкес, референдумға қойылған мәселені қолдап дауыс бергендер саны 7 млн 954 мың 667 адам. Яғни дауыс бергендердің 87,15 пайызы ұсынылған шешімді жақтаған.


Ұсынылған шешімге 898 мың 99 адам қарсы дауыс берген. Сонымен қатар ел бойынша 146 мың 558 жарамсыз бюллетень тіркелген. Бұдан бөлек, 127 мың 868 белгіленбеген үлгідегі бюллетень анықталған. Бұл бюллетеньдер жарамды деп танылғанымен, дауыстарды санау кезінде есепке алынбаған.