homepage
Фото: ашық дереккөзден

Мұнай бағасы тағы өсті

16.03.2026, 10:42

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 104 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сарапшылардың айтуынша, аймақтағы қақтығыс мұнай жеткізіліміне қауіп төндіріп, нарықтағы алаңдаушылықты күшейткен. Соның салдарынан халықаралық биржаларда мұнай бағасы күрт өсіп, кейбір сауда сессияларында Brent барреліне 106 долларға дейін көтерілген.

Мамандардың пікірінше, егер Таяу Шығыстағы шиеленіс ұзаққа созылса, энергия ресурстарының бағасы одан әрі қымбаттауы мүмкін. Мұнай нарығындағы қазіргі құбылмалы геосаяси тәуекелдердің күшеюімен тікелей байланысты.