homepage
Фото: ашық дереккөзден

Иран Украинаға сес көрсетті

16.03.2026, 09:35

Егер Киев билігі Израильге әскери көмек көрсетуді, соның ішінде дрон жеткізуді жалғастыра берсе, Тегранның кезекті соққысы Украинаға бағытталады. Бұл туралы Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ибраһим Азизи айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский Киевтен көмек сұраған елдердің саны 11-ге жеткенін хабарлады. Парсы шығанағы елдері Украиана әскерінен Иранның «Шахед» ұшқышсыз ұшақтарына қарсы күресте көмек сұраған. Зеленскийдің айтуынша, Киев «Шахед» типті дрондарға және осыған ұқсас қауіптерге қарсы қауіпсіздік тұрғысынан қолдау көрсету жөніндегі өтініштерді мұқият қарастырған және Украина тек украин халқының өмірін және елдің тәуелсіздігін қорғауға көмектесетін мемлекеттерге ғана қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, бұған дейін Зеленский Киев Иорданиядағы АҚШ әскери базаларын қорғау үшін дрон-тосқауылдаушылар мен мамандар тобын жібергенін айтқан еді. Ресей басқыншылығының бесінші жылында Украинада дрондарды тосқауылдау деңгейі шамамен 80 пайызға жеткен.

2022 жылдан бері Киев дрондарға қарсы күрделі әрі көп деңгейлі әуе қорғаныс жүйесін жасап шығарған болатын. Оның құрамына ірі калибрлі пулеметтермен қаруланған пикаптарды пайдаланатын мобильді атыс топтары, әртүрлі радиоэлектрондық күрес құралдары және өздері әзірлеген дрон-тосқауылдаушылар кіреді.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскийнің айтуынша, ақпан айында Киев пен Киев облысына бағытталған «Шахед» типті дрондардың 70 пайыздан астамы тосқауылдаушы дрондар арқылы атып түсірілген. Иран 2022 жылдың басында Ресей Украинаға басып кіргеннен бері Мәскеудің ең жақын одақтастарының бірі болып келеді. Тегеран алғашында Ресейге Украинаға шабуыл жасау үшін «Шахед» дрондарын жеткізген, кейін олардың технологиясымен бөлісіп, Ресейдің өз аумағында бұл дрондарды өндіруіне мүмкіндік берген.