Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Ведомство мәліметінше, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.
“Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.
Солардың біреуі - Түркістан облысының тұрғыны террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).
Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)” - делінген ҰҚК хабарламасында.
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.