homepage
Фото: Zakon.kz

Сирияда террорлық ұйымдар қатарында болған екі қазақстандық сотталды

23.12.2024, 11:14

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ведомство мәліметінше, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.

“Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.

Солардың біреуі - Түркістан облысының тұрғыны террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).

Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)” - делінген ҰҚК хабарламасында.

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.