homepage
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Дүниежүзілік банктен тағы қарыз алмақ

15.03.2026, 23:10

Дүниежүзілік банк Қазақстанға жұмыс орындарын ашуға қаржылай қолдау білдіріп, 600 млн доллар бөлді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Қазақстан үкіметіне осынша сома қарыз беру шешімін Банктің Атқарушы директорлар кеңесі мақұлдаған. Бұл қаражат жеке секторды экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыруға, сапалы әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орындарын көбейтуге және елдің экономикалық тұрақтылығын арттыруға жұмсалмақ. Қарызды Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынады. 

«Қазақстан ауқымды реформалар бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Біз елдің экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға, жеке инвестицияларды тартуға және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерін қуана қолдаймыз. Бұл әсіресе халықтың ең осал топтары үшін аса маңызды», — деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түркіменстан елдеріндегі тұрақты өкілі Андрей Михнев.