homepage
фото: ашық дереккөзден

Мұжтаба Хаменеи Мәскеуде - БАҚ

15.03.2026, 22:52

Кейбір БАҚ Иранның жаңа рухани көшбасшысы Мұжтаба Хаменеи Мәскеуге Ресейдің әскери ұшағымен жеткізілді, қазір ол Путиннің резиденциясында ем қабылдап жатыр, деген ақпарат таратып жатыр. 

Бұл туралы AJ Jariba басылымы Хаменеиға жақын дереккөздерге сілтеме жасап хабарлаған. БАҚ мәліметінше, Мәскеуде оған ота жасалған, ол сәтті өтіп, қазір ол Кремль басшысының президенттік сарайларының бірінің жанындағы жеке ауруханада ем алып жатыр. Ол 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған алғашқы соққылары кезінде ауыр жарақат алған. Хаменеиді өз елінде жақсы жабдықталған ауруханаға жатқызып, үздіксіз медициналық бақылауға алу мүмкін болмаған. Сондықтан оны Ресейде емдеу туралы ұсыныс мақұлданған. Бұл ұсынысты Владимир Путиннің өзі айтқан деседі. Басылымның мәліметінше, өткен бейсенбіде Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен, бұл ұсыныс сол әңгіме барысында айтылған болуы кәдік. 

Реформаторларға жақын ирандық дереккөз AJ Jariba газетіне Мұжтабаға телінген алғашқы үндеудің шын мәнінде оның өзі айтқанына күмән келтіреді. Бұл мәтінді Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Әли Лариджани жазған болуы мүмкін. Мұжтабаның көпшілік алдына шығып, көзге көрінбеуі бұл күмәнді күшейте түсті. 

Израиль барлауының болжамынша, Мұжтабаның жарақаты бастапқыда ойлағаннан да ауыр болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұған дейін AJ Jariba Иранның жаңа рухни көшбасшысы денесінің сол жақ бөлігінің дерлігі жарақаттанғанын хабарлаған. Ал, Пентагон Иранның жаңа көшбасшысын «жасырынып жүр» деп айыптады.