9 126 850 қазақстандық референдум бюллетенін алған. Осылайша сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызы дауыс берген. Азаматтардың дауыс беру белсенділігі бойынша Қызылорда облысы 93,4%-пен бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
Абай облысы – 75,45%
Ақмола облысы – 79,82%
Ақтөбе облысы – 87,05%
Алматы облысы – 71,46%
Атырау облысы – 74,04%
Батыс Қазақстан облысы – 68,94%
Жамбыл облысы – 85,06%
Жетісу облысы – 78,49%
Қарағанды облысы – 84,30%
Қостанай облысы – 81,21%
Қызылорда облысы – 93,04%
Маңғыстау облысы – 77,89%
Павлодар облысы – 75,51%
Солтүстік Қазақстан облысы – 70,52%
Түркістан облысы – 84,03%
Ұлытау облысы – 73,15%
Шығыс Қазақстан облысы – 86,42%
Астана қаласы – 60,36%
Алматы қаласы – 33,42%
Шымкент қаласы – 75,82%.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жүрген 9 050 қазақстандық референдумда дауыс берген.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жұмысын аяқтайды. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де жабылады.
Референдумның қорытындысын Орталық референдум комиссиясы арнайы отырыста шығарады. Одан кейін нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады. Заң бойынша қорытындысы дауыс беру өткен күннен кейін 7 күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылдың 21 наурызына дейін жариялануы тиіс.