homepage
Фото: ашық дереккөзден

Трамп Мұжтабаның тірі екеніне күмәнмен қарайды

15.03.2026, 14:37

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Мұжтаба Хаменеи тірі екеніне күмән келтірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

NBC News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Хаменеи көпшілік алдына шықпағанын айтып, оның тағдырына қатысты түрлі ақпарат тарағанын жеткізді.

«Мен оның тірі екенін білмеймін. Әзірге ешкім оны көрсеткен жоқ. Оның қайтыс болғаны туралы да естідім. Егер тірі болса, өз елі үшін ақылды шешім қабылдап, берілуі керек», – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ Трамп Иранмен қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге келуге әзір емес екенін айтты. Оның сөзінше, Иран тарапы белгілі бір жеңілдіктерге баруға дайын екенін білдірген, алайда ұсынылған шарттар тиімді емес. Президент нақты қандай шарттар туралы айтып отырғанын ашып айтпады.