homepage
Фото: Маңғыстау облысының баспасөз қызметі

Еңбек ардагерлері де өз таңдауын жасады

15.03.2026, 14:29

Маңғыстау өңірінде өтіп жатқан республикалық референдумға қоғамның әртүрлі буын өкілдері қатысуда. Солардың қатарында ел дамуының талай кезеңіне куә болған еңбек ардагерлері де бар.

Еңбек ардагерлері Жәңгірхан Өрісбай мен Әлия Биқасқызы бүгін дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауларын жасады. Олар бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Ардагерлердің айтуынша, мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге халықтың өзі қатысып, пікір білдіруі – демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі. Сондықтан бүгінгі референдумға қатысу олар үшін азаматтық парыз ғана емес, ел келешегіне бейжай қарамайтын азаматтың ұстанымы.

“Біздің буын еліміздің түрлі кезеңдерін бастан өткерді. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат өз үнін білдіруі керек. Сондықтан біз де келіп, өз таңдауымызды жасадық”, — дейді еңбек ардагерлері.