АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Трамптың сөзінше, Зеленский соғысты тоқтату жөніндегі келісімге баруға асықпай отыр. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин келісімге дайын болуы мүмкін, ал Зеленскиймен келіссөз жүргізу әлдеқайда қиын.
Сондай-ақ Трамп Украина тарапынан АҚШ пен оның одақтастарына ирандық дрондарға қарсы күресте көмек көрсету туралы ұсынысқа да тоқталды. Бұған дейін Зеленский украин мамандары бірнеше елде осы бағытта жұмыс істеп жатқанын айтқан.
Алайда Трамп Вашингтонға мұндай көмектің қажет емес екенін мәлімдеді.
«Бізге көмегі керек соңғы адам – Зеленский», – деді АҚШ президенті.
Ол Украина ұсынған дрондарды ұстап қалу технологиялары бойынша ұсыныстар қабылданды ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді.