Астанадағы сайлау учаскелерінен бірнеше журналист полицияға жеткізілді. Олардың арасында «Азаттық радиосының» тілшісі Жолдас Өрісбай, «Информбюро» тілшісі, журналист Сәния Тойкен бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, журналистер елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде жұмыс істеп жүрген кезде ұсталған. Қазіргі уақытта олардың нақты қандай себеппен полицияға жеткізілгені белгісіз.
Журналист Саня Тойкеннің әріптесі Назира Даримбет әлеуметтік желіде оның телефоны жауап бермей тұрғанын жазған. Ол жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне бара жатқанын хабарлады.