homepage
Фото: СІМ баспасөзі

Геннадий Головкин Бангкокта дауыс берді

15.03.2026, 08:44

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиланд астанасы Бангкок қаласында республикалық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бангкоктағы дауыс беру учаскесі Қазақстандағы уақытпен салыстырғанда ертерек ашылған. Қазір Головкин қалада өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысып жүр.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы #453 референдум учаскесіне келіп, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді»,  – деп хабарлайды ҚР СІМ.

Бүгін, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум басталды. Ел аумағында және шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктерде дауыс беру учаскелері ашылды. Қазақстандықтар конституциялық реформаны қолдай ма, әлде қолдамай ма деген сұраққа жауап беріп жатыр.