homepage
Фото: gov.kz

«Аңсаған сәби»: Қазақстанда 11 мың бала дүниеге келді

14.03.2026, 12:07

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан отбасыларды қолдауға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасының 2021–2025 жылдардағы қорытындысы шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бағдарлама бедеулікке тап болған отбасыларға қосалқы ұрықтандыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде экстракорпоралдық ұрықтандыруға (ЭКҰ) берілетін квота саны едәуір артқан. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жыл сайын бөлінетін квота 7 есе көбейіп, 7 мыңға дейін жетті.

Соңғы бес жылда 28 мыңнан астам әйел ЭКҰ рәсімінен өткен. Соның нәтижесінде 12 мыңнан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынып, шамамен 11 мың сәби дүниеге келді.

Министрлік ЭКҰ қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың жұмысын тұрақты бақылап отырғанын мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, бұл шара міндетті медициналық сақтандыру қаржысының тиімді жұмсалуын және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.