homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Қазақстандықтар ақша үнемдеуге көшті

13.03.2026, 16:13

Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар шығындарын үнемдей бастаған. Мұны DEMOSCOPE жүргізген сауалнама нәтижесі көрсетіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, халық көбіне азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарларға жұмсалатын қаражатты үнемдеп жүр.

Респонденттердің:

  • 44,5%-ы азық-түлік;
  • 36,1%-ы киім мен аяқ киім;
  • 28,3%-ы жеке көлік пен такси қызметін сирек пайдалануға көшкен;
  • 25,8% тұрғын кафе, мейрамхана және жеткізу қызметтері;
  • 23,2% ойын-сауық пен демалысқа жұмсалатын қаражатты үнемдейтінін айтқан. Ал сауалнамаға қатысқан азаматтардың 24,2%-ы ештеңеден үнемдемеймін деп жауап берген.

Зерттеу нәтижесі жаңа Салық кодексіне байланысты алаңдаушылықтың да жоғары екенін көрсетеді. Респонденттердің 65%-ы бұл өзгеріс өміріне кері әсер етеді деп санайды. Оның ішінде 40,5%-ы жағдай айтарлықтай нашарлайды деп есептесе, 24,5%-ы аздап теріс ықпал болады деп күтеді. Ал 8,2% ғана өмірі жақсаруы мүмкін деген пікір білдірген.

Сарапшылардың айтуынша, елдегі экономикалық алаңдаушылық күшейіп келеді. Соңғы халықаралық зерттеулерде Қазақстан экономикалық қиындықтар халықты ең көп алаңдататын елдердің алғашқы 15-тігіне кірген. Негізгі мәселе ретінде қымбатшылық аталған.