homepage
Фото: ашық дереккөзден

Жанабыловтарға қатысты сот болып жатыр

13.03.2026, 14:33

Бүгін Астанада ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы болады. Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданғанын растаған. Агенттік дерегінше, Instagram желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыптылар онлайн-курстар сату арқылы заңсыз табыс тапты деген күдікке ілінген.

Тергеу барысында ұсынылған «курстардың» нақты білім беру мазмұны болмағаны анықталған. Сонымен қатар жүлде қоры қатысушылар төлеген қаражат есебінен болғаны айтылды. Ұйымдастырушылар ұсақ ұтыстардың түсу ықтималдығын жасанды түрде арттырып, ірі жүлделерді ұтып алу мүмкіндігін шектеген деген дерек келтірді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, жиналған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 247,5 миллион теңге. Оның едәуір бөлігі банктік депозиттерге орналастырылған. Сот шешімімен іс аясында 17 iPhone телефоны мен Lamborghini Urus және Lexus LX 600 көліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынған.