homepage
Фото: ашық дереккөзден

14-15 наурызға арналған ауа райы болжамы

13.03.2026, 11:37

14–15 наурыз күндері Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы жылы әрі құрғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағына кең ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жоқ, ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады.

Алайда солтүстік пен шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, боран болады және жел күшейеді. Сондай-ақ елдің көп бөлігінде тұман түсуі мүмкін.

Ал температураға келсек, батыс пен оңтүстікте күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -2…+5 градус шамасында болады.