homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Карантин кезіндегідей: елде сауда қарқыны баяулады

13.03.2026, 10:42

Жыл басында Қазақстандағы ішкі саудасы айтарлықтай төмендеген. Қаңтар мен ақпан айларында өсім небәрі 3,4 пайыз болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, өткен жылдың осы кезеңінде сауда өсімі 6 пайыз болған. Қазіргі көрсеткіш соңғы рет 2021 жылы, коронавирус індеті кезінде тіркелген деңгеймен шамалас.

Көтерме сауда көлемі биыл 3,8 пайызға ғана артты. Ал былтыр дәл осы уақытта өсім 6,6 пайыз болған. Бөлшек саудадағы өсім де төмендеп, 2,6 пайызды көрсетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,7 пайыз болған.

Осылайша, елдегі сауда айналымының өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай баяулағаны байқалады.