homepage
Фото: ашық дереккөзден

Израиль Ливан астанасына әуе соққысын жасады

13.03.2026, 10:31

Израильдің әуе күштері Ливан астанасы Бейруттың орталығындағы ғимаратқа соққы жасады. Шабуыл салдарынан нысан толық қираған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Соққы жасалған ғимарат ел үкіметі орналасқан аумақтан шамамен бір шақырым жерде орналасқан. Израиль әскері шабуыл алдында жергілікті тұрғындарға ескерту жасап, бұл жерде «Хезболла» ұйымына тиесілі нысан бар екенін және оған соққы берілетінін хабарлаған.

Өткен аптада Израиль «Хезболла» тобына қарсы әуе және құрлық операциясын бастаған еді. Ұйым 2 наурыздан бастап Израильге бірнеше шабуыл жасаған.

Бұл әрекеттер Иранның рухани көсемі Әли Хаменейдің қазасына жауап ретінде жасалғаны айтылған.