homepage
Фото: facebook.com/susanna.suhoterina/

Польшада жоғалған қазақстандықтың мәйіті табылды

13.03.2026, 10:06

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мекеме мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғанша басқа мән-жайлар жарияланбайтыны айтылды.

Екатерина Шилова ақпан айында Польшадан Қазақстанға ұшып келуге тиіс болған. Алайда ол 19 ақпандағы рейске отырмаған, жоғалып кеткен. Сол уақыттан бері туыстары онымен байланыса алмапты.

Туыстарының айтуынша, ол шетелдегі жұмысын аяқтап, елге қайтпақ болған. Қасында жеке құжаттары және шамамен 6 миллион теңге болған.

Бұған дейін Екатеринаның әпкесі Қазақстанның Бас прокуратурасына үндеу жасап, істі бақылауға алуды сұраған еді. Ал 10 наурызда Сыртқы істер министрлігі Польша тарабына ресми сұрау жіберіп, іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.