homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Қазақстандықтар Telegram-ға шағымданып жатыр

12.03.2026, 17:21

12 наурыз күні Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысына байланысты пайдаланушылардан жаппай шағым түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Detector404 мониторинг қызметінің дерегінше, күндізгі уақытта шағымдар саны күрт өсіп, 130 хабарламаға жеткен. Пайдаланушылар қосымшаға кіру, хабарлама жіберу, хабарландырулардың келмеуі және компьютердегі нұсқасының жұмысында қиындықтар барын айтқан.

Ең көп шағым Алматы қаласынан түскен – 17%. Одан кейін Қарағанды облысы (13%), Астана (11%), Павлодар облысы (10%) және Қостанай облысы (9%) тұрғындары хабарласқан.

Telegram-дағы ақаулар Қазақстаннан бөлек Украина, АҚШ, Франция, Өзбекстан, Сербия және Чехия елдерінде де тіркелген.