homepage
Фото: ашық дереккөзден

Иран СІМ: Мүжтаба Хаменей жаралы

12.03.2026, 16:08

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Мүжтаба Хаменей АҚШ пен Израиль жасаған бомбалау кезінде жарақат алған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Аббас Арагчи оның жарақат алғанын растады.

«Ол жарақат алған, бірақ өзін жақсы сезінеді. Алғашқы сөзін қашан сөйлейтіні әзірге белгісіз», – деді Арагчи.

Ал CNN дерегіне сүйенсек, 56 жастағы Хаменейдің аяғы сынған, көзінің астында көгеру бар, сондай-ақ бетінде шағын тыртықтар мен сызаттар байқалады. Саларианның айтуынша, Мүжтаба Хаменей жаңа қызметке тағайындалғаннан бері көпшілік алдына шықпаған, себебі жарақаттары толық жазылмаған.

Иранды 37 жыл басқарған бұрынғы жоғарғы көшбасшы Али Хаменей 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған соққысынан қаза тапты. Ол 1979 жылғы революцияны бастаған Рухолла Хомейниден кейін елді басқарған.

4 наурызда Мүжтаба Хаменейдің жаңа жоғарғы көшбасшы болып тағайындалғаны туралы бейресми ақпарат тарады. Ал 8 наурызда ол әкесінің мұрагері екені ресми түрде жарияланды. Осы аралықта Израиль әскери күштері Хаменейдің кез келген мұрагеріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.