homepage
фото: ашық дереккөзден

LRT: билет құны қанша?

12.03.2026, 14:03

Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлікпен (LRT) жолаушылар тасымалдау тарифін бекітті. Бір сапарға билет құны – 200 теңге, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

“Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі”, – деп хабарлайды әкімдік.

Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.

LRT жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым, ол биыл пайдалануға беріледі. Желі құрамында 18 станция бар. Ол халықаралық әуежайдан басталып, Қабанбай батыр даңғылы бойымен өтеді және «Астана Жұлдызы» айналма жолынан, Назарбаев университетінен және Ботаникалық бақтан өтеді. Содан кейін желі Сығанақ көшесіне бұрылып, «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені мен Министрліктер үйіне барады. Арыс көпірі мен Қалдаяқов көшесін кесіп өтіп, Ұлттық мұражай жанынан өтеді. Соңғы аялдама – «Нұрлы жол» станциясы. Толығымен автоматтандырылған және жүргізушісіз көлік.