Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери оқиғаларға байланысты Қазақстан мен Орталық Азия үшін тікелей қауіп жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Журналистер соғыс салдары Қазақстан шекарасына дейін жетуі мүмкін бе деген сұрақ қойған.
«Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта Иранда күрделі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздік болса, Орталық Азия аймағы үшін белгілі бір қауіп туындауы мүмкін. Ондай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал», – деді елші.
Сондай-ақ журналистер Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі туралы сұрақ қойған. Елшінің сөзінше, Каспийдегі қауіпсіздікке ең алдымен жағалаудағы мемлекеттердің өздері жауапты.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуылдар салдарынан Иранда кемінде 1300 адам қаза тапқан, олардың арасында елдің жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи де бар. Кейін Иранның Сарапшылар кеңесі оның ұлын Иранның жоғарғы қолбасшысы етіп Моджтаба Хаменеиді таңдап, тағайындады.