Теміртау тұрғыны заңсыз майнингпен төрт жыл бойы заңсыз айналысып келген. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, ол жасырын майнинг фермасын өзінің өндірістік базасында ұйымдастырған. Бұл үшін Ресейден 156 дана арнайы құрылғы сатып алып, оларды криптовалюта өндіруге пайдаланған. Алайда мұндай қызметпен айналысуға қажетті лицензиясы болмаған.
Сот үкімімен оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, барлық майнинг құрылғылары тәркіленді.
Сонымен қатар сот мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңгені өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды.