Азия даму банкі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласын айналып өтетін жаңа жол құрылысына шамамен 370 млн доллар көлемінде несие береді. Бұл туралы халықаралық қаржы ұйымының ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаржы жапон иенасымен 58,6 млрд көлемінде рәсімделген және жобаның жалпы шығынының 85 пайызын жабады. Ұзындығы 102 шақырым болатын айналма жол Сарыағашты айналып өтіп, Өзбекстанға шығатын бағытты қамтиды. Жобаны 2030 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.
Жаңа жол транзиттік көліктерді елді мекен аумағынан шығарып, жол қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда тасымалын жеделдетуге тиіс.
Несие 2045 жылға дейін өтеледі. Қарыз бойынша кепілдікті Қазақстанның Қаржы министрлігі берген.