homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Астанада оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

12.03.2026, 09:33

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мекеме мәліметінше, 12 наурыз күні 0–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып негізінде білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн оқиды. Мұндай шешім желдің күшеюіне байланысты қабылданған.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін елордада күн бұлтты болады, қар жауады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, кей уақытта 30 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -3…-5°C шамасында болады.

Бұған дейін қалада қатты желдің салдарынан Жеңіс даңғылында орналасқан «Айка» тұрғын үй кешенінің қасбетінің бір бөлігі құлағаны хабарланған еді.