homepage
Фото: СhatGPT арқылы жасалды

200 мың мұғалімге енді ChatGPT көмектеседі

11.03.2026, 12:35

Оқу-ағарту министрлігі білім саласына жасанды интеллект енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады. 2026 жылы 200 мың мұғалім күнделікті жұмысында ChatGPT Edu жүйесін қолдана алады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жоба үшін 100 мың лицензия бөлінген. Олар балабақшалар, мектептер мен колледждер арасында таратылды. Жылдың екінші жартысында тағы 100 мың лицензия қосылады.

Жасанды интеллект мұғалімдерге сабақ жоспарын дайындауға, үш тілде тапсырма құрастыруға, оқу материалдарын оқушылардың деңгейіне бейімдеуге және кері байланыс беруге көмектеседі. Дегенмен қорытынды бағаны бұрынғыдай мұғалімнің өзі қояды.

Сонымен қатар қазір барлық білім беру қызметтері бірыңғай Ұлттық білім беру платформасына біріктіріліп жатыр.