Израиль астанасы мен оған жақын аудандарда әуе дабылы қосылды. Иран тарапынан жасалған зымыран соққыларынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, соққы кезінде нысанаға әскери базалар мен дипломатиялық корпус алынған. Шабуылдар салдарынан бірқатар қонақ үйлерге зақым келген. Сонымен қатар әуежайлар уақытша жабылып, мұнай инфрақұрылымына да зиян келтірілген.
Осы уақытта АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуеден соққы жасауды жалғастырып жатыр. Пентагон мәліметінше, бұл – қақтығыс басталғалы бері жасалған ең ауқымды әуе шабуылдарының бірі.
Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, 28 ақпанда басталған соққылардан бері ел аумағында 1270-тен астам адам қаза тапқан.