homepage
Фото: ашық дереккөзден

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

11.03.2026, 09:22

IBF (Халықаралық бокс федерациясы) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан ресми түрде айырды. Мұндай шешім ұйымның қатаң ережелеріне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, шешім IBF ұйымынан кеше кешкісін келген. Ұйым ережесіне сәйкес кез келген салмақтағы әлем чемпионы өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс.

«IBF ұйымының қатаң ережелері бар. Олар өз хатында соған сүйеніп отыр. Сол хатқа сәйкес Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді. Сонымен қатар ұйым ережесіне сай чемпион белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы керек. Яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы тиіс еді», — деді Рахымжан Ерденбеков.

Осы талап орындалмағандықтан, IBF орта салмақтағы чемпиондық титулды бос деп жариялады.