Forbes жаһандық миллиардерлер рейтингін жария етті. Арасында дәулеті 1 миллиард доллардан асқан екі қазақстандық кәсіпкер бар. Олар: Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Нұрлан Смағұлов – әлемдік миллиардерлер рейтингінде 2858-орында тұр. Оның байлығы шамамен 1,3 млрд долларға бағаланып отыр.
Нұрлан Смағұлов – Қазақстанда Оңтүстік Корея және Қытай көліктерін құрастыратын және сататын Аstana Group президенті, елдегі ең ірі MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары желісінің негізін қалаған кәсіпкер.
Ал, елдегі ең ірі құрылыс компаниясының иесі – Айдын Рахымбаев 1,1 млрд доллар дәулет жинап, Forbes тізімінде 3185 орынға жайғасты. Жаңа қатысушыларды есепке алғанда, Forbes жаһандық тізіміндегі қазақстандық миллиардерлердің саны артты. Бұған дейін бұл тізімде Вячеслав Ким, Тимур Турлов, Владимир Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, сондай-ақ, Болат Өтемұратов болған еді.
Жалпы алғанда, Forbes-тің 2026 жылғы әлемдік рейтингінде байлығы 1 миллиард доллардан асатын 3400-ден астам адам бар. Әлемнің ең бай адамы – Илон Маск. Екінші орында 257 млрд доллар дәулетімен америкалық программист Ларри Пейдж және үштікті оның серіктесі интернет-кәсіпкер Сергей Брин түйіндейді.