ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлері еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеді және компания жұмыскерлерін өз жұмыстарын қайта бастауға шақырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ЖҰМЫСКЕРЛЕР ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАН БА?
Сондай-ақ жұмыскерлердің жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады.
«Осы жылдың 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатты. Жұмыскерлердің бұл әрекеттері еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
ЗАҢ НЕ ДЕЙДІ?
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп: осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін болмаған жағдайда татуластыру комиссиясында қарастыруды көздейді.
Жұмыскерлердің талаптарын қараудың аталған тәртібі өндірістік процесті тоқтата тұруды көздемейді. Заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Еңбекмині тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырады», - делінген хабарламада.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
17 желтоқсанда «Оңтүстік-Жезқазған» және «Жыланды» кеніштерінің жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Кәсіпорын өкілдері олармен кездесіп, 13-ші жалақыға жалақының 30 пайызы көлемінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыратын болды. Сондай-ақ оларға 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы көтерудің екі нұсқасы ұсынылды:
Алайда бұл ұсыныстармен келіспеген жұмысшылар 18 желтоқсанда жұмысын тоқтатып, қайтадан ереуілге шықты.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.