Миланда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 28 жастағы Ербол Хамитов пара шаңғы спорты бойынша өткен 1500 метрлік спринтте мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола медаль иеленді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Отандасымыз ақтық сында қытайлық Лю Цзысудан бір секунд ерте келді. Алтынды Қытай спортшысы Лю Цзысюй иеленді. Ал күміс жүлде бразилиялық Кристиан Вестемейер Рибера бұйырды.
Бұдан өзге 1500 қашықтықта сынға түскен отандастарымыз Юрий Березин, Анна Грачова, Нұрлан Әлімов және Владислав Кобаль шешуші кезеңге өте алмады.
Айта кетейік, Ербол Хамитов 2025 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылы екі рет қола жүлдеге жеңіл алды.