Атырау облысында төрт адамның өліміне байланысты қозғалған іс бойынша күдіктілердің бірі кенже қыздары Ақбаян Мұқанғалиева қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Бұл туралы марқұмдардың туыстары айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған дейін негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан Алматыға жеткізілгені хабарланған. Кейін туыстарының айтуынша, Ақбаянды Атырауға алып келген.
Жақындары оның бұрын психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын білмейтінін айтады. Бірақ енесі келінінің қазір Атыраудағы психиатриялық ауруханада жатқанын растады.
Бұл жайында нақты ақпарат алу үшін журналистер Атырау облысының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына сұрау жолдаған. Алайда әзірге ресми жауап берілмеді.
9 наурыздың кешінде Атырау маңындағы Геолог ықшамауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылды. Олар негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан шыққан.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, Сәрсемәлиев Алматыға жеткізілгеннен кейін қылмысты мойындап, мәйіттер көмілген жерді өзі көрсеткен. Бұған дейін тергеу тек Жангелдин ауылындағы қорадан табылған зейнеткер ата-ананың өліміне қатысты жүргізіліп келді.
.