Маңғыстау облыстық әкімдігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алайда ақпарат ресми түрде нақтыланған жоқ.
«Облыстық әкімдік ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның өлімі туралы ақпарат редакцияға кеше, 18 желтоқсан күні таңертең келіп түсті. Тілшілер күні бойы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне, сондай-ақ облыстық аурухана өкілдеріне хабарласуға тырысқанымен, телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарламаларға ешкім жауап берген жоқ.
Медициналық мекеме басшылығына түскен өтініштер де жауапсыз қалды. Жансақтау бөлімімен байланыс орнату әрекеті нәтиже бермеді - қызметкерлер ақпарат беруден бас тартты», - деп жазады Lada.kz басылымы.
Соңғы рет дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы туралы 16 желтоқсанда пікір берген. Ол кезде ер адамның жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны айтылды
Естеріңізге сала кетейік, 5 желтоқсанда ер адам облыс әкімімен жеке кездесуді талап етіп, алайда әкім қабылламайтынын білгенде ғимарат алдында өзін-өзі өртеп жіберген болатын.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.