Оқиға 9 наурыз күні Тараз қаласында болған. №11 бағыттағы автобуста мас күйдегі жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан маршрут бойынша жүруді талап еткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жанжал соңы төбелеске ұласып, 40 жастағы ер адам 59 жастағы жүргізушіні пышақтаған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушінің қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.