homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Самокаттардың нөмірі болуы міндеттеледі

10.03.2026, 10:43

Қазақстанда жалға ұсынылатын электр самокаттар енді арнайы тіркеу нөмірімен жүретін болады. Мұндай талапты Ішкі істер министрлігі бекіткен жаңа ереже қарастырады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа тәртіп 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді. Осы күннен бастап самокатты жалға берумен айналысатын компаниялар мен жеке кәсіпкерлер әр құрылғыны жеке есепке алып, оған тіркеу нөмірін беруге міндеттеледі.

Есеп жүйесінде әр самокат туралы толық мәлімет сақталуы тиіс. Онда құрылғының маркасы, үлгісі, шығарылған жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға берілген күні, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары туралы деректер көрсетіледі.

Тіркеу нөмірін самокатты жалға беретін оператор құрылғыны іске қоспай тұрып береді. Нөмір бір латын әрпі мен бес саннан тұрады.