homepage
Фото: ашық дереккөзден

Трамп: Иранға қарсы операция жақында аяқталады

10.03.2026, 10:00

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның аяқталуына әлі уақыт бар екенін айтты. Бұл туралы ол Флоридада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Журналистер операция осы аптада аяқтала ма деп сұрағанда, Трамп қысқа ғана «жоқ» деп жауап берген. Оның айтуынша, операция аяқталуға жақын, алайда оған әлі біраз уақыт қажет.

Трамптың сөзінше, операция барысында АҚШ күштері Иран аумағындағы 5 мыңнан астам нысанаға соққы жасаған. Ол кейбір маңызды нысандар әдейі кейінге қалдырылғанын да айтты.

АҚШ президенті жағдайдың қалай өрбитінін бақылап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар кейінірек Ирандағы электр энергиясын өндіретін инфрақұрылым нысандарына да соққы жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармады.