Синоптиктердің болжамынша, 10–11 наурыз күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде түнде 30 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, Ақмола облысында сейсенбіге қараған түні 15–20 градус аяз болады, ал облыстың батысы мен солтүстігінде температура 25–30 градусқа дейін төмендейді. Сәрсенбіге қараған түні аяз одан әрі күшейіп, 22–27 градусқа дейін барады, шығыс бөлігінде 30 градусқа дейін суытады. Көкшетауда сейсенбі түні 25–27 градус аяз болады.
Ақтөбе облысында сейсенбі түні 23–28 градус аяз, ал облыстың солтүстігінде 31 градусқа дейін суытады. Ақтөбе қаласында түнде 23–25 градус аяз. Атырау облысында сейсенбі түні температура 15–20 градусқа дейін төмендейді, өңірдің батысы мен солтүстігінде 23 градусқа дейін аяз болады. Атырау қаласында түнгі температура 13–15 градус шамасында болады.
Қызылорда облысында сейсенбі түні 7–12 градус аяз болады, оңтүстікте 2 градусқа дейін төмендейді, ал облыстың батысы мен солтүстігінде 16–21 градусқа дейін суытады. Сәрсенбіге қараған түні температура 10–15 градусқа дейін төмендеп, батысы мен солтүстігінде 18–23 градус аяз болады. Қызылорда қаласында сейсенбі түні 7–9 градус аяз, сәрсенбі түні 12–14 градус аяз.
Павлодар облысында сейсенбі түні 7–12 градус аяз, облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 градусқа дейін төмендейді. Сәрсенбіге қараған түні өңірде аяз 25–30 градусқа дейін күшейеді. Павлодар қаласында сейсенбі түні 10–12 градус аяз, ал сәрсенбі түні 26–28 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні 25–30 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде температура 33 градусқа дейін төмендейді. Петропавл қаласында түнгі температура 28–30 градус аяз шамасында болады.
Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбі түні 15–20 градус аяз, өңірдің оңтүстігінде 10 градусқа дейін суытады. Өскеменде түнде 15–17 градус аяз күтіледі.
Жамбыл облысында сәрсенбі түні 7–12 градус аяз болады, ал облыстың батысы, солтүстігі және таулы аудандарында 15–20 градусқа дейін төмендейді. Тараз қаласында түнде 10–12 градус аяз болады.
Абай облысында сәрсенбі түні 20–25 градус аяз, ал оңтүстігінде 10–15 градус аяз болады. Семей қаласында түнгі температура 20–22 градусқа дейін төмендейді.
Жетісу облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 5–10 градусқа дейін төмендейді, ал облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 15–20 градус аяз болады.