Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай бразилиялық Рафаэль Тобиасты жеңді. Бұл – оның UFC промоушеніндегі алғашқы жеңісі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Қорытындысында төрешілер бірауыздан 30–27, 29–28, 29–28 есебімен жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Осыған дейін Нұрғожай UFC-дегі алғашқы екі кездесуінде жеңілген еді. Дияр Нұрғожай кәсіпқой мансабында 13 жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы 2024 жылдың қазан айында Dana White’s Contender Series турнирінде жеңімпаз атанып, сол арқылы UFC ұйымымен келісімшартқа отырған.