Дубайдың халықаралық әуежайына дрон құлап, әуе айлағының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ұшқышсыз аппараттың құлағаны, артынан жарылып, қою түтін көтерілгені көрінеді. Оқиғаны түсірген куәгер дрон әуе кемесіне соғылғанын айтады.
Дубай үкіметінің медиа-кеңсесі қауіпсіздік мақсатында Дубай халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Ресми хабарламада жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық рәсімдер белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылған.
Бұл әуе айлағына жасалған алғашқы шабуыл емес. 1 наурыз күні де Дубай халықаралық әуежайына ұшқышсыз аппаратпен соққы жасалып, салдарынан төрт адам жараланған.